Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз

Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі аудандық газеттің оқырмандары!
Елдегі төтенше жағдайға және Сырдария ауданындағы санитарлық талаптарға байланысты елді мекендерге кіруге уақытша шектеу қойылуына орай аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің таратылуында іркіліс болуда. Бұл мәселе қиын кезеңде қабылданып жатқан шаралардан туындауда.
Осыған орай, оқырмандардың аудан жаңалықтарын және газеттің ПДФ нұсқасын электронды сайтымыздан оқуына толық мүмкіндігі бар. Сайт тәулік бойы жұмыс істейді. Бас директордың бұйрығымен қызметкерлер де онлайн форматта қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілді. Сондықтан бұл мәселеге, яғни газеттеріңіздің мекен-жайларыңызға келмей қалуына түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
Айта кетерлігі, газетті таратушы мамандар да өз жерлестеріміз, біріңіздің әкеңіз, біріңіздің анаңыз, енді біріңіздің жақын туысыңыз. Олардың да үйден шықпай, талап пен тәртіпке бағынғаны дұрыс. Онлайн режимде өткен апталық жиналыста таратушыларға нақты тапсырма берілді, айлық жалақылары сақталатыны айтылды.
Бүгінгі таңда біздің басты мақсатымыз – карантиндік режим талаптарын бұлжытпай орындау. Сондықтан оқырмандардан осы жағдайға барынша түсіністік танытып, ортақ талапқа бағынуды сұраймыз. Біз қиындықты бірге еңсереміз! Бәріңізге амандық тілеймін!

Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің Бас редакторы
02 сәуір 2020 ж. 894 0