Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа технологиялар – жетістіктерге мүмкіндік

Жаңа технологиялар – жетістіктерге мүмкіндік

Еліміздің сот жүйесін жетілдіру мәселелері – әрқашан Мемлекет басшысының назарында. Елбасы айқындап берген міндеттер шегінде сот-құқықтық реформасы толығымен іске асырылды деуге болады.
Бұл, әлбетте, жоғары деңгейде дамыған құқықтық жүйесі бар нағыз конституционалды мемлекет құруға септігін тигізеді.
Сот төрелігін іске асыру, сот ісін жүргізудің барынша ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың бірі заманауи технологияларды қолдану болып табылады.
Бүгінгі күні соттармен арадағы құжат айналымы мәселесі бірте-бірте қағаздан электрондық пішімге ауыстырылып, судьялар мен сот қызметкерлері жаңа заман талаптарына сай жұмыстарын жүзеге асыруда.
Соттарда іске қатысушы, жүгінуші тұлғаларға құжаттарды жедел беру, оның сот сатылары бойынша қозғалысын қашықтықтан бақылау, процестік шешімдермен танысу мәселелері шешімін тапты. 2014 жылдан бастап «Сот кабинеті» электрондық іс жүргізу сервисі қолданысқа енгізіліп, сотқа жүгінушілермен өзара іс-қимыл негізінде сот ісін жүргізу жеңілдетіліп, жедел жұмыс істеуіне жол ашылды. «Сот кабинеті» сервисі арқылы азаматтар және заңды тұлғалар талап-арыздардың электрондық құжат нұсқасында беруге, мемлекеттік бажды интернет арқылы немесе пайдаланушы үшін қолайлы басқа орындар арқылы онлайн режимінде төлеуге, «Хаттама көшірмесін беруге арыз», «Сот отырысының хаттамасына арыз - ескертпе», «Сот істерін іздестіру», «Хабарламаларды, хабарлама қағаздары, сотқа шақыру қағазын алуға» мүмкіндік туғызды. Бұған қоса, ақпараттық жүйені одан әрі жетілдіру мақсатында «Мобильді сот кабинеті» сервисі жұмыс жасауда.
Халық сервисті кеңінен қолданып келеді, адвокаттар мен өкілдердің тиімді жұмысына көмегі зор, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге де, азаматтардың өз конституциялық құқықтарын қорғауына да ықпал етеді.
Сонымен қатар, бүгінгі күні соттардың күнделікті іс жүргізу жұмыстары «Төрелік» құжат айналым ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылуда. Бұл жүйе соттардағы құжаттар мен істердің тіркеу, қарау, орындау және басқа да процессуалдық, құжаттамалық іс жүргізу мерзімдерінің сақталуын бақылауға және есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Төрелік» ақпараттық жүйесі мен атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжаттар нұсқасында атқару парақтарын орындауға жолдау және сот орындаушыларының қаулыларын соттардың электронды түрде санкциялау жолға қойылған.
Істердің дыбыс-бейнежазба құрылғысымен Сырдария аудандық сотының сот залдары 100 пайыз қамтылған. Бұл өз кезегінде сот саласындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың басты жолы, сот процестерінің ашықтығы мен жариялылығын міндетті түрде қамтамасыз етеді.
Жалпы, Елбасы ұсынған сот жүйесін жетілдіруге бағытталған реформалардың алдымызға жаңа міндеттер қойып, нәтижесінде облыс соттары қарқынды дамып келе жатыр.

Роза Сүлейменова,
аудандық соттың кеңсе меңгерушісі
04 қыркүйек 2018 ж. 1 220 0