Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » I’m a singer Kazakhstan шоуының жеңімпазы 50 млн теңге алды

I’m a singer Kazakhstan шоуының жеңімпазы 50 млн теңге алды


Роман Ким I’m a singer Kazakhstan жобасының екінші маусымының жеңімпазы атанды. Ол ақтық мәреде Батырхан Шүкеновтің “Қайран көңіл-ай” әні мен Queen рок-тобының The show must go on әнін орындады.

Екінші маусымға 400 әнші өтініш берген. Олардан іріктеліп 100 әнші таңдалды. Соңғы мәреге үш қатысушы қалды. Ayree, Роман Ким мен Нұрболат Абдуллин бақ сынады.

Әділқазылар алқасында Сәкен Майғазиев, Мақпал Жүнісова, Мақпал Исабекова, Элхан Ахмедов, “Евровидения-2016” жеңімпазы, украиналық әнші Джамала болды.

Роман Ким мен Әли Оқапов, Нұрболат Абдуллин мен Ерген Айтымбетов, Ayree мен Арай Айдархан өнер көрсетті. Кейін жеке дауыста ән айтты.
Көрермен мен әділқазылар дауыс беріп, жеңімпазды анықтады. Нәтижесінде 33 жастағы Роман Ким жеңімпаз болды. Жеңімпаз 50 млн теңге мен көлік ұтты. Ол Наурыз мерекесіне орай Республика сарайында жеке концертін өткізеді. Радио мен телеарна үшін бейнебаян түсіреді.
Роман Ким  Superstar.kz арқылы көрерменге танылып үлгерген. Ол байқауда екінші орын алған еді. Кейін Испанияға аттанып, сол елде жұмыс істеді.
I’m a singer Kazakhstan байқауының алғашқы маусымында Қайрат Түнтеков жеңімпаз болған еді.
http://stan.kz/
17 желтоқсан 2018 ж. 1 070 0