Медициналық бетпердені қалай тағу керек?

Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, медициналық бетпердені біресе тағып, сосын шешіп, сыртын ұстап, қайта киюге болмайды. Бетпердені таққан соң қозғамау керек. Ауыстыратын кезде құлаққа кигізетін жібінен ұстап, айналдырып орап, арнайы қоқыс жәшігіне тастаған жөн. Содан кейін қолды антисептикалық сұйықтықпен сүрту керек.
Ал бұл талапты орындамаған жағдайда бетперденің пайдасынан зияны көп болмақ.