Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шағанда жас кәсіпкер бетперде шығара бастады

Шағанда жас кәсіпкер бетперде шығара бастады

Коронавирус жұқпалы індеті елімізде  таралуына байланысты  емханалар мен дәріханаларда қорғаныш бетперде тапшылығы кездесіп жатыр. Бетперденің (масканың) тапшылығын алдын алу мақсатында Шаған ауылында жас кәсіпкер,"Сима" тігін ательесінің иесі  Сымбат Әнуарова бетперде тігуде. Жас кәсіпкер күніне 50-ден аса бетпердені тігіп, аудан орталығындағы аурухана қызметкерлеріне ұсынуда. Тігіншінің айтуынша, бір бетпердені тігу үшін 10-15 минут уақыт жеткілікті.
Бұл ретте аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары фейсбук әлеуметтік желісі арқылы #ҚолданБетпердеТігуден челенджін ұйымдастырып, бетперде тігу барысын көпшілікке көрсетті.  Аталған эстафетаны ауданға  қарасты кент және ауылдық округі әкімдеріне, Сырдария аграрлы-техникалық колледжіне жалғастыру үшін жолдады.

«ТТ»-ақпарат
19 наурыз 2020 ж. 1 214 0