Барлығымыз бір-бірімізге көмек беруіміз керек

Осындай қысылтаяң шақта Мемлекет басшысы халыққа барлық қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сәйкесінше, алдағы уақытта зейнетақы 10 процентке өседі. Мұнан бөлек әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері де артатынын жеткізді. Барлық кәсіпкерлерге де барынша қолдау көрсетіліп, 1 сәуір мен қазан аралығындағы мемлекеттік салықтан босатылды. Одан бөлек осындай кезеңдерде тынымсыз еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Бұл халықтың тұрақтылығын сақтауға жасалған оң шешімдер деп білеміз.
Әлемдегі барлық мемлекеттің экономикасы қазір дағдарысты бастан кешіп отыр. Осындай жағдайда барлығымыз бір-бірімізге көмек беруіміз керек. Ел бірлігі бекем болса, барлық қиыншылықты жеңіп шығатымыз анық. Біз тек үйден шықпай, сақтық шараларын мұқият орындау маңызды. Сонда ғана бұл індетке төтеп бере аламыз. Біз біргеміз!
Бәрзубек ЖЫЛҚЫБАЕВ,
А.Тоқмағамбетов ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы
А.Тоқмағамбетов ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы