Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бесарық ауылы гүлденуде

Бесарық ауылы гүлденуде

"Ауылына қарап, азаматын таны" дегендей ауданға қарасты Бесарық ауылында "Абай-Дәулет" ЖШС-і көркейту-көгалдандыру жұмысын ерте көктемнен бастады.

Ауылдың көркеюі – абыройлы да ортақ міндет. Ауылдың таза, көрікті, жасыл желекке бөленуі – мәдениеттілікті айшықтайтын, бірлікті білдіретін игілікті іс.

Ауыл инвесторы Бесарық ауылына кіре берістегі Жаңадария каналының сол жағалауына гүлзар, жастар демалатын орын салып беруді қолға алды.

Берекелі ауылдың гүлденуіне атсалысып жатқан "Абай Даулет" ЖШС - не ауыл тұрғындары дән риза.
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
25 наурыз 2020 ж. 1 177 0