Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы Бесарықта

Аймақ басшысы Бесарықта


Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев ауданға қарасты «Берекелі Бесарық» ауылына жұмыс сапарымен келіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуымен және алдағы жоспарларымен танысты. Алдымен аймақ басшысы ауылға кіребестегі «Жаңадария» каналының үстінен салынған жаңа көпірдің сапасын көріп, ел игілі үшін жұмыс жасап тұрған құрылыс нысанына оң бағасын берді. Аудан әкімі Ғ.Қазантаев көпір құрылысының жүргізілу барысын түсіндірді.
Бұдан кейін аймақ басшысы №147 орта мектепке барып, білім ордасының қазіргі жай-күйімен танысты. Өз кезегінде облыс әкімі Қ.Көшербаев  бүгінде  сапалы білім мен мағыналы тәрбие көзін ұтымды ұштастыра білу керектігін  ұстаздарға жеткізді. Сонымен қатар аймақ басшысы Бесарық ауылының орталығында орналасқан аллеяны аралап, көрді. Негізінен  ауылдың басты  инвесторы «Абай Даулет» және «Бесарық» серіктестіктерінің демеушілігімен көпшілік демалатын орынды абаттандыруға біршама жұмыс жасалған.  Сондай-ақ, мәдениет үйіне, балабақшаға ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізілгендігі мәлім. Айта кететін жәйт ауыл паспорты жаңаланып, елді мекенге кіреберістегі арка әрленіп, ауыл мешітінің айналасы толықтай абаттандырылған. Ауыл жастарынспортқа баулу мақсатында  дзюдо, бокс, таэкван-до үйірмелерінің ашылуына өзіндік үлес қосты.
Сапар барысында аймақ басшысы Қ.Көшербаевқа «Абай Даулет» ЖШС-ның төрағасы М.Сәрсенбаев серіктестіктің қазіргі таңдағы атқарып жатқан жұмысын баяндап,  серіктестіктің  жалпы  жетістіктерін атап өтті. Аймақ басшысы «Абай Даулет» ЖШС-ның  өндірістік базасына барып, мұндағы кірпіш, жем зауыты, алма бақ жұмысымен танысты. 

Е.БЕРКІНБАЕВ
14 қараша 2018 ж. 2 075 0