Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бесарықтың ерікті жастары үн қосты

Бесарықтың ерікті жастары үн қосты

Волонтерлік – өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Жүрек жанданса – қоғам да өркениетке қадам басары сөзсіз. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір адамзаттың міндеті, – дейді Аружан Сайлауова, Бесарық ауылдық округі әкімінің әдіскері.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған өз Жолдауында биылғы жылды "Волонтерлар жылы" деп жариялады. Біздің ауыл тұрғындары бұл бастаманы бірауыздан қолады. Кез келген істі өз еркімен, ешкімнің мәжбүрлеуінсіз, шын көңілмен атқаратын жандар Бесарық ауылында да жоқ емес. Қоғамға керек екеніңді сезініп, адамдарға пайдаңды тигізу – еріктіліктің басты қадамы. Осы уақытқа дейін ауыл еріктілерімен бірігіп, ауылымыздың гүлденуіне, тазалығына өз үлесімізді қосып келеміз.

Қазақта "ауылын қарап – азаматын таны" деген даналық сөз бар. Сондықтан аудан тұрғындары ғана емес, өзге қалалардан қонақтар келгенде ауданымыздың таза, гүлденген аймақ екенін көрсе дейміз. Әлеуметтік желіде жарияланған челлендждер мен акцияларды қолдап жүзеге асырып келеміз.

Волонтерлар жылының 7 бағытының ішінде "Таза Қазақстан" бағытын негізге алып, «Біргеміз!» ұранымен белсенді жастарды айналамыздың таза болуы үшін атсалысып, мақсат пен міндетті жалау етіп, жауапкершілікпен жұмыс жасауға шақырамыз!

"ТТ" ақпарат

03 наурыз 2020 ж. 730 0