Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бесарықта көркейту-көгалдандыру басталды

Бесарықта көркейту-көгалдандыру басталды

Берекелі Бесарық ауылы жыл санап көркейіп, гүлденіп келеді.

Биылғы жылы көктем шығар шықпас Бесарық ауылында көркейту көгалдандыру жұмыстары басталып кетті.

"Абай Дәулет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен Бесарық ауылына кіре беріс "Жаңадария" каналының сол жағалауына гүлзарлар егуге әсемделген шарбақтар орнатылып, біршама жұмыстар атқарылуда.

Ауылдағы бірнеше тұрғын үйлердің қора - қоршаулары "Абай Дәулет" ЖШС - нің демеушілігімен жасалынып жасалынуда. Ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіруде.

Ауылдың көркеюі – ортақ міндет. Өлкеміздің таза, көрікті, жасыл желекке бөленуі – мәдениетімізді айшықтайтын, бірлігімізді білдіретін, ортақ игілікті іс.

Ауылдың көркеюі – еліміздің көркеюі деп білу керек. Себебі бүкіл қазақы болмыс пен ұлт­тық құндылық осы ауылдан басталады.

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген дана хал­қымыз. Өсіп келе жатқан жас буынға Отанды сүюді, туған жер­ді, туған елді қадірлеуді сөзбен емес, осындай нақты іс­пен көрсету игілікті іс.

"ТТ" ақпарат
05 наурыз 2020 ж. 1 261 0