Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » "Серікбол" сауда орталығы жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді

"Серікбол" сауда орталығы жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді

Тереңөзек кенті орталығында орналасқан «Серікбол» сауда орталығы елімізде коронавирус індеті таралуына байланысты төтенше жағдай кезінде жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді. Яғни, аталған сауда орталығы  бүгіннен бастап таңғы 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайтындығын сауда орталығының иесі Мадина Омарова ватсап желісі арқылы хабарлады.
Қазіргі таңда аталған сауда орталығы аудан тұрғындарын азық-түлік, тұрмыстық заттар, жеміс-жидек басқа да түрлі өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.
– Біз күнделікті аудан халқына тынымсыз қызмет көрсетеміз. Елдегі жағдай барлығымызды алаңдатады. Вируспен күресте бізде сақтық шарасын күшейтеміз. Мамандарымыз талапқа сай жұмыс жасайды. «Серікбол» сауда орталығында адам көп шоғырланатындықтан 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс кестесіне көштік. Бастысы  адам денсаулығына қауіп төнбеуі тиіс. Жеке кәсіпкер ретінде елдегі жағдайға түсіністікпен қарау керек деп білемін. Бас пайданы ойламай елмен бірге қиын-қыстау күндерді еңсеру басты парызымыз, – дейді  Мадина Омарова.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
18 наурыз 2020 ж. 1 182 0