Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Аудан басшысы мұнай компанияларының басшыларымен кездесті

Аудан басшысы мұнай компанияларының басшыларымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов іссапармен  жер қойнауын пайдаланушы бірқатар мұнай компанияларына барды. Бұл туралы аудан әкімі фейсбук парақшасында хабарлады.
"Бүгін іссапармен шығып аудан аумағындағы бірқатар жер қойнауын пайдаланушы мұнай компанияларының басшыларымен кездестім.
Жұмыс барысындағы кездесуде биылғы «Еріктілер жылында» өзара әлеуметтік әріптестікті дамытумен бірге аудан тұрғындарын жұмыспен қамту, тиісті заңдылықтар аясында аудан бюджетіне түсетін салықтың түрлері мен көлемі, кеніштерде салынуы жоспарланған жылжымайтын нысандар құрылысы мәселелерін талқыладық. Мұнай компанияларының басшылары Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына мүдделестік танытатындарын жеткізді.
Іссапар барысындағы кездесулерге өзіммен бірге Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Келдібаев Мұса, әріптестерім - аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұрсейітов Нұрлан, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Омаров Бекмұрат қатысты" делінген жазбада.

"ТТ"-ақпарат
13 ақпан 2020 ж. 1 045 0