Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ала сиыр» каналын қазу жұмысымен танысты

«Ала сиыр» каналын қазу жұмысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов «Ала сиыр» каналын қазу жұмыстарымен танысты. Бұл туралы аудан басшысы фейсбук әлеуметтік парақшасында жариялады.
–Биылғы жылы су пайдалану маусымында Сырдария өзенінде су мөлшері аз болатындығы болжануда.
Осыған орай, Сырдария өзеніне келіп түсетін су мөлшері аз болған жағдайда егістік алқаптарын сумен қамтамасыз ету үшін атқарылатын іс-шара жоспары бекітіліп, ішкі шаруашылық каналдарға механикалық тазалау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін ауданда осы бағытта атқарылып жатқан бірқатар жұмыстардың барысымен таныстым. Соның қатарында «Нұрбек» ферма қожалығы ұзындығы 10 шақырымды құрайтын «Ала сиыр» каналын «Проект Дизайн Құрылыс» ЖШС-гі арқылы қазу жұмыстарын жүргізуде. Каналдың қазу жұмыстарына 3 экскаватор қатысуда. Нысанның басында осы серіктестіктің жобалаушысы Қосдәуіров Жұмабек ағамызбен (өте білікті маман саналатын бұл кісіні Жаңақорған ауданында қызметте болған кезімнен жақсы білемін) кездесіп, жобаның жүзеге асырылу жағдайымен таныстық.
Жоба толық жүзеге асқан кезеңде «Нұрбек» ферма қожалығы «Ала сиыр» каналының бойынан 350 гектар күріш, 80 гектар жаңа жоңышқа егіп, 130 гектар ескі жоңышқаны күтімге алады, – делінген жазбада.
16 наурыз 2020 ж. 458 0