Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУҒАН СОҒЫСЫ: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

АУҒАН СОҒЫСЫ: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ


Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, патриоттық рухы жоғары ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым жасау мақсатында Сырдария ауданында бірқатар іс-шаралар өтті. Іс-шараларға Ауған соғысына қатысушы ардагерлер құрметті қонақ ретінде шақырылды. Оқушылар үшін берері мол тағылымды іс-шаралар аясында патриоттық өлеңдер оқылды, көріністер көрсетілді. Мектепішілік байқаулар өткізіліп, белсене қатысқан жас өрендер марапатталды. Жалпы, Ауған соғысына қатысушы ардагерлерді ардақтау бағытында Сырдария ауданында жыл бойы тиісті жұмыстар жүргізіледі. Ардагерлерді құрметтеу – біздің басты мақсатымыз.
Ақтөре Ибрагимұлы,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

16 ақпан 2018 ж. 2 076 0