Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жырымен жүрек тербеген

Жырымен жүрек тербеген

Аудандық орталық кітапхананың 2020 жылдарға арналған "Өлке болып оқимыз" атты жобасы ауданның елді-мекендерін де қамтып отыр.
Жақында Іңкәрдария ауылдық модульді кітапханасы жергілікті ақын Сейітмұрат Ембергеновтың шығармашылығына арналған "Өмірде өнегелі із қалдырған" атты әдеби жыр кешін өткізді.
Игі шараға дарынды ақынның көзін көрген ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Сырлыбаев, кітапхана оқырмандары Н.Тәуекелов, Ж.Имағамбетовтер қатысып, естеліктер айтты.
Әдеби жыр кешінде ақынның өмірі мен шығармашылығы, кітаптары жас ұрпаққа кеңінен таныстырылып, жан-жақты мағлұмат берілді. Шабытты жырымен жүректерге жол тапқан Сейітмұрат Ембергеновтың "Туған жер", "Иманды бала – иманды", "Қалжан ахун", "Алланы тану – имандылық" атты туған жерге, имандылыққа, адамгершілікке арналған өлеңдері кештің шырайын кіргізді. Мәдени шара "Жырымен жүрек тербеген ақын" атты көрмеге шолу жасаумен қорытындыланды.

Шаһарбек Балтабайұлы 
20 ақпан 2020 ж. 604 0