Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ӨМІРШЕҢ ӨЛЕҢДЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕШ

ӨМІРШЕҢ ӨЛЕҢДЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕШ

«Достық» үйінде орналасқан №1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен «Дауыстап оқу» жобасы аясында Сыр елінен шыққан ақындардың шығармашылығына арналған «Жырлары жүрек тербеген» атты поэзия кеші болып өтті.
Кешке №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 7 в, г сынып оқушылары, ҮЕҰ мүшелері, кент ардагерлері, мектеп ұстаздары және БАҚ өкілдері қатысты. Сыр елінен шыққан ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы, өмірлеріне қатысты тың деректерді көпшілікке кітапханашы Л.Серікбаева таныстырды. Ізгі шарада ақындар А.Тоқмағанбетов, Ә.Тәжібаев, Ә.Жәмішев, Ж.Дәрібаева, И.Исаев, С.Ембергенов, Б.Шағырұлы өлеңдерін оқушылар жатқа айтты. Шара барысында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы Сыр елі ақындарының өлең жазудағы шеберліктерін асқақтата айтып, «Дауыстап оқу» жобасының жас ұрпақ үшін маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ ардагерлер Ә.Масилова, А.Есболғанова өткізіліп отырған шараның ұлағаты мол, оқушыларға беретін тәлім-тәрбиесі зор екенін айтты.
Кеш соңында өлеңдері өміршең ақындарға арналған «Өлең мен өнер қонған – Сырдария» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
20 сәуір 2019 ж. 1 004 0

Ұқсас жаңалықтар: