Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Бүлдіршіндер білімі кеңейді

Бүлдіршіндер білімі кеңейді

№1 «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасында «Ботақан» кіші тобымен «Күшік», «Қардағы іздер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Табиғатқа, жан-жануар­ларға деген балғындардың сүйіс­пеншілігін арттыру мақ­­­са­тындағы шараны топ тәр­биешісі Гүлзира Сырғабаева ұйымдастырып, бөбектерге құрастыру, сурет салу әдістерін қолданды. Сол арқылы бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытып, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландырды.
Сабақ барысында топ тәрбиешісі балдырғандардан қыс мезгілінің ерекшеліктерін сұрап, түсіндірді. Сондай-ақ «Жабайы аңдар мен үй жануарын ажырат» атты дидактикалық ойынын өткізді. Бүлдіршіндер үй жануарларының ішінде күшікті суреттеп, қағаз бетіне түсірді. Артынша екі топқа бөлініп, бір топ сурет салды, екінші топ күшікті құрастырды. Сабақ барысында сергіту жаттығулары болды.

Ердос БЕРКІНБАЕВ 
11 ақпан 2020 ж. 1 203 0