Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары

Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары

Соңғы кезде ел арасында кеңінен талқыланған тақырыптың бірі - латын әліпбиіне көшу. Бұл бастама алғаш қолғаалынған уақытта алынбас қамалдай көрінгені рас. Енді міне, жаңа әліпбидің бірнеше нұсқасы ұсынылып, былайғы жұртшылық жан-жақты талқылау үстінде. Сонымен бірге латын әліпбиіне көшу көпшілік тарапынан кеңінен қолдау табуда. Оған себеп те жоқ емес. Біріншіден, латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен. Екіншіден, осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор тілі. Үшіншіден, 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде қазақ халқы жазғаны белгілі. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпаққа жеткізу де маңызды. Төртіншіден, бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңыздылығы жоғары болатындығы айтпаса да түсінікті. Бісіншіден, әліпби өзгерту төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді. 
Әлеуметтік желілерде латын қаріптерімен жазатын жастар жетіп артылады. Осы уақытқа дейін ұсынылған әліпбидің бірнеше нұсқасы қазір біршама реттеліп, жөнге келді. Әлі де қосып-алуды, толықтыруды қажет етеді. Бастысы, халық болып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жаңашылдыққа қолдау көрсетуіміз керек.


Ж.ТӨРӘЛИЕВ,
Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

06 ақпан 2020 ж. 567 0