ЛАТЫНҒА КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау керегі айтылады. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы: «біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз», – деп латынға көшудің басымдығын атап өтті.
Елімізде 1929 жылға дейін араб жазуы қолданылған екен. Қазақ халқының арда азаматы, Алаштың біртуар тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының ұсынысымен қазақ даласында араб графикасы бойынша «төте жазу» пайдаланылды.
Төте жазуда – қазақ фонетикасының кейбір ерекшеліктері ескерілсе, 1929-1940 жылдары латын графикасына негізделген әліпби дүниеге келді. 1940 жылдан бүгінгі күнге дейін кирилл әліпбиі қолданыста келеді. Бір ескерерлігі, Түркия, Германия, Америка Құрама Штаты секілді батыс елдеріндегі қандас ағайындарымыз латын жазуын пайдалануда.
Мысалы, Түркия мемлекеті латын әліпбиіне 1928 жылы көшті. Кеңес одағы құрамындағы Әзірбайжан халқы Одақ ыдыраған соң ауысса, көршілес Өзбекстан 1993 жылдан бастап өзбек тілін латын әліпбиіне көшірді.
Ұлт жанашыры, ағартушы-педагог А.Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – оның тілі» деген. Сондықтан да латын графикасына көшуді – уақыт талабы деп толықтай айтуымызға болады. Айтулы мәселе халық арасында кеңінен талқыланып, тіл білімі саласы ғалымдарының тынымсыз еңбегі нәтижесінде латын қарпіне негізделген қазақ тілінің әліпбиінің бірнеше жобасы жасалды.
Бұл ретте филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Жүнісбек латын әліпбиіне көшудің қиындығы – қазіргі қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені және қазақ жазуына әліпби ауыстырумен қатар, түбегейлі реформа қажет екеніне тоқталды.
Қазіргі латын әліпбиі 32 әріптен тұрады. Тіл білімі ғылымының көптеген ғалымы бұл жағынан еңбектенгенін айта кеткеніміз абзал. Олардың арасынан қазақ-кирил әліпбиін әзірлеген ғалым – С.Аманжоловтың да еңбегі орасан.
Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың болашағы үшін маңызды. Мұны тіл тазалығын сақтау жолындағы үлкен шешім деуге болар. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың бас кезінде ата-бабамыз қолданған латын әліпбиіне қайта оралу деп білеміз.
С.ЖАУДАТБЕК,
Қармақшы ауданы