Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім мен мәдениетті қолдау маңызды

Білім мен мәдениетті қолдау маңызды

Аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінін ұйымдастыруымен «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің  негізі»  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауы аясында «Білім мен мәдениет адамзат әлемінің айнасы» атты тақырыптық кеш өтті. Бұл мәдени шараға  №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің жас маман ұстаздары  Әсел Көшербаева мен Айдана Сағындықовалар қатысып, биылғы жаңа жыл білім саласының мамандары үшін ерекше қуанышпен басталғанын айтты.Өйткені «Педагог мәртебесі туралы» заң қолданысқа енгізілді.  Енді мұғалім мәртебесі артып, талап та күшейетінін жеткізді.
 Осы орайда сөз қозғаған кітапхана саласын көп жылдардан бері басқарып келе жатқан Г.Нұржакиева елдің рухани дамуы мен кемелденуі мәдениеттің қарқынды дамуымен ұштасып жатқанын да атап өтті. Сондай-ақ  биылғы жыл көлемінде алда атқарылар шараларға да тоқталып өтті. Сонымен қатар шараға қатысушы жастарға өз лебізін білдіре отырып,алдағы уақытта да осындай белсенділік көрсетуге шақырды.Мәдениеттің бір үлкен саласы аудандық мұражай үйінің ғылыми қызметкері Ә.Шөжеев өткеніңді білмей, болашағыңды болжай алмайсың, сондықтан,биылғы жылғы тарихи жайттарға бірге атсалысып, көп нәрсені көкейге тоқиық деген сөзді жастарға жеткізді.

"ТТ"-ақпарат
31 қаңтар 2020 ж. 608 0