Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халық әлеуетін көтеру басты орында

Халық әлеуетін көтеру басты орында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы «Сындарлы қоғамдық диа­лог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапханада дөңгелек үстел өтті. Оған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, мәдениет саласының ардагері Т.Айсин, жас кәсіпкер Д.Ашабаева, №35 мектеп-лицей ұстазы А.Жакиева және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтты.
– Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжы­рымдамасын іске асыру – бә­ріне ортақ міндет. Мемлекет басшысы «Күшті – Президент, ықпалды – Парламент, халық үніне құлақ түру – мемлекет дамуының негізгі формуласы» деп халықпен бірлесе отырып жұмыс жасау мемлекет дамуына орасан зор ықпал ететінін, саяси жүйенің бұл формасы тұрақтылықтың негізі болатынын атап өтті. Яғни қоғамдық келісімді нығайту – бүкіл халықтың бірлескен еңбегінің нәтижесі, – деді Хайролла Әбенұлы.
Жас кәсіпкер Д.Ашабаева қазіргі таңда кәсіп бас­тап, оны әрі қарай дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау көптігін жеткізді. «Кәсіп ашамын» деген адам үшін жағдай жасала бермек. Кәсіпкерлерге кедергі келтіргендер Заң алдында жауап беретін болады. Сондықтан кәсіп иесі осындай мүмкіндікті пайдаланып қалу керектігін тілге тиек етті.
Шараға қатысушылар Президенттің халыққа арнаған Жолдауындағы ел игілігі үшін жасалған бастамаларына ризашылықтарын білдірді. Жолдауда жүктелген тапсырмаларды жұмыла атқару қажеттігін атады.

Ұлбосын КЕНІШБЕК
14 қыркүйек 2019 ж. 798 0