АСАУ ДАРИЯ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
Ауа адам өміріне қаншалықты қажет болса, су да соншалықты қажет. Бірақ сол судан болатын қауіптің орны тол мас өкінішке ұрындырары сөзсіз. Тіршілікке нәр беретін өзен арнасынан асса, мал-жанға қауіп төнетіні анық.
Қалжан ахун ауылының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан «Әсет» учаскесінің жа нында мұз кептелісі салдарынан Сырдария өзенінің су деңгейі көтерілген. Нәтижесінде, «Аласиыр» каналының ПК-440 – ПК-453 ұзындығы 1,3 шақырым қорғаныс бөгеті 9 жерінен бұзылған. Ол күріштік жерлер, негізінен, «БАҚ» және «Қызылдихан» шаруа қожалықтарына тиесілі. Сырда рия өзенінен «Аласиыр» каналына дейін 2,5 шақырым, ал Қалжан ахун ауылына дейін 5,5 шақырым. Осыған байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланып, бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі Ғ.Қазантаев бастаған топ күні-түні су тасқынының алдын алуға қыруар жұмыс жасады. Іргеде тұрған Қалжан ахун ауылы халқының зардап шекпеуін, аудан жұртшылығының күнкөрісіне айналған төрттүліктің су астында қалмауын қадағалады.
– Қазір судың беті қайтты, – дейді аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров. – Дария 1,5 метр төмен түсті. Оған барлығы 14 техника мен 80-нен астам адам күші жұмылдырылды. Қазіргі уақытта бөгеттерді нығайту жұмыстарына «Углесбыт» ЖШС (төрағасы Р.Есенов) мен «Бақ-Береке» серіктестігі (төрағасы К.Ерназаров) 5,9 шақырым бөгеттің екі жағынан бастап биіктету, нығайту жұмыстарын жүргізді. Су тоқтады. Қалжан ахун ауылына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Осы уақытта «Әйтек» су торабы нан секундына 255 текше метр су тасталуда.
Иә, аудан халқының бірлігінің, мықты ұйымдастырушылардың арқасында асау дария ауыздықталды. Елді мекендерге төнген қауіптің алдын-алу жұмыстары нәтижелі жүргізілді.
«ТТ»-ақпарат
Пікір 2