Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҚ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҚ



Облыс аумағында Сырдарияның төгілуіне байланысты су тасқыны қаупі жоқ,қарсы күрес жағдай қатаң бақылануда, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аймақтық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.
Басқарманың мәліметі бойынша, 2018 жылдың 7 ақпанына Қызылорда облысының аумағына 345 м3/сек су келіп, Қызылорда су торабынан төмен қарай 320 м3/сек су босатылуда.
Солтүстік аудандарда Сырдария өзені бетінде толықтай мұз қатса, оңтүстік аудандарда мұз қату процесі күшеюде. Мұздың қалыңдығы 20 – 60 см құрайды.
 «2018 жылдың 29 қаңтарында Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылының оңтүстік – батыс аумағында орналасқан «Әсет» учаскесінің тұсындағы қорғаныс бөгетінің ролін атқарып тұрған «Аласиыр» каналы бөгетінің бұзылуы нәтижесінде ауыл шаруашылығы жерлеріне су жайылды.
Су жайылуға мұз астынан қалыңдығы 2-2,5 метр болатын шұғаның жүруінен кептелістер қалыптасып, су деңгейінің жоғарылауы себеп болуда.
Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттерін нығайту шаралары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 2 мердігер мекемеден 16 бірлік техника мен 60 адам жұмылдырылуда. Аталған жағдайға байланысты Сырдария ауданы әкімдігімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануда», - деп мәлімдеді басқарма басшысы С.Сермағамбетов.
Қызылорда қаласы мен облыстың елді мекендерінде су басу қаупі жоқ. Жалпы облыс бойынша жағдай қатаң бақылауда.
07 ақпан 2018 ж. 1 390 0