Қауіп-қатерді болдырмау барысы талқыланды

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник С.Молдақараев сала басшыларының 2019 жылғы атқарылған жұмыс нәтижесі туралы есептерін тыңдап, бөлімдердің атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Сонымен бірге 2020 жылға қойылған басты міндеттер мен мәселелерге тоқталып өтті. Бұдан бөлек жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту, тәрбие жұмысы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары бойынша сала мамандарына түсіндірлді. Жеке құрамға адам өмірін құтқару жолында небір қиындықтарға тойтарыс беріп, күн сайын кез келген қауіп қатерге даяр болу керектігін ескертілді.
«ТТ»-ақпарат