ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА
Жақында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ және №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып «Жалын» балалар тынығу лагерінде тынығушы балаларға өрт қауіпсіздігі мен жаз мезгілінде суға түсу ережелері бойынша шара өткізілді. Оған төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Р.Беркимбаев, инженер азаматтық қорғау капитаны С.Жалмұхамбетова, «Оңтүстік Өңірлік Аэроұтқыр құтқару жасағы» ММ-нің сүңгуір құтқару қызметінің құтқарушысы Р.Әбдіхалықов, медбике құтқарушысы А.Оразалиева, бас құтқарушы Е.Оспанов қатысты.
Шара барысында арнайы құрал жабдықтар көрмесі ұйымдастырылып, балаларға сүңгуір костюмі, суда құтқару құралдары және гидравликалық құтқару құрал жабдықтары таныстырылды, балаларға жүзу әдістерін үйретті. Практикалық тұрғыда ашып көрсеткен әрбір маманның жұмысы жедел және сауатты ұйымдастырылатыны нақтыланды. Өз кезегінде арнайы үнпарақ таратылды.
Сонымен қатар, адамдар көп шоғырланатын нысандарда жаз мезгілінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнероликтер көрсетіліп жатқанын жеткізді.
Жалпы алғанда биыл «Суға түсуге болмайды», «Су тілсіз жау» және басқа да тақырыптарда 25 дана тақтайша мен 9 дана билборд орнатылған. Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №7 өрт сөндіру бөлімінің кезекшіліктен тыс жеке құрам қызметкерлерімен аудан көлемінде үстіміздегі жылдың жаз мезгілінде су айдындарында балалардың (азаматтардың) қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейд жұмысы жүргізілген.

«Тт»-ақпарат