Аудан бюджеті 2.2 млрд теңгеге артты
Бұл туралы бүгін аудан әкімі Р.Рүстемов Тереңөзек кентінде өткен есеп беру жиынында мәлімдеді.
«2019 жылғы бюджеттің кіріс бөлігі бойынша жоспарланған түсімдер (100,9 %) толық орындалды. Өткен жылы ауданымыз үшін өте маңызды құжат – 2020-2022 жылдарға арналған ауданның бюджеті қабылданды. 2020 жылға аудан бюджетінің көлемі 13,2 млрд теңге болып бекітілді, бұл 2019 жылғы аудан бюджетінен 2,2 млрд теңгеге артық» деді аудан әкімі.
Есеп беру жиынына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Абдусаметов, облыстық мәслихат депутаты Р. Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, Қоғамдық кеңес мүшелері, кент тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.