Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетікөлде халыққа есеп беру жиыны өтті

Жетікөлде халыққа есеп беру жиыны өтті

Халыққа есеп беру жиыны Жетікөл ауылдық округінде өтті. Есеп беру жиынына облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғ.Байменова, облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Р.Рүстемов 2019 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

– 2019 жыл ауданымыз үшін табысты болды. Барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Оның ішінде инвестициялар көлемі 164,6 пайызға, құрылыс жұмыстары 4 есеге, өнеркәсіп 100,6 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 101,7 пайызға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 104,6 пайыз болып қалыптасты. 2019 жылғы бюджеттің кіріс бөлігі бойынша жоспарланған түсімдер 100,9 пайыз толық орындалды. Өткен жылы ауданымыз үшін өте маңызды құжат – 2020-2022 жылдарға арналған ауданның бюджеті қабылданды. 2020 жылға аудан бюджетінің көлемі 13,2 млрд.теңге болып бекітілді, бұл 2019 жылғы аудан бюджетінен 2,2 млрд. теңгеге артқан жеткізді.

Есеп беру жиыны барысында Жетікөл ауылдық округінің әкімі Ж.Қожахметов, Жетікөл ауылдық учаскелік полиция инспекторы М.Бижанов есепті мерзімде атқарған жұмыстарының есебін берді.

Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін Жетікөл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Камалов атқарушы билік өкілдерінің есебін жоғары бағалап, ақ батасын берді.
17 қаңтар 2020 ж. 853 0