Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАЛЫДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕДІ

ҚАЗАЛЫДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕДІ


Қазалы ауданында атқарылып жатқан жұмыстар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталып отыр. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады. Жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 2652 адамның 994-і тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы аудан әкімі М.Ергешбаевтың қатысуымен Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте айтылды.
    Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында биылдан бастап жүзеге асырыла бастаған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты аясында биылға қысқа мерзімді қайта даярлау курсына 400 адам оқытылса, кәсіптік оқуға 211 адам жолдама арқылы оқу орындарына жіберілді.
    Ал бағдарламаның екінші бағытындағы «Бастау Бизнес» жобасы аясында жоспарланған 222 адам оқу курсынан өтті. Нәтижесінде құны 289,4 млн.теңге құрайтын 59 жоба қаржыландырылып, 75 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 69 млн.теңге несие қаражаттары толығымен игерілетін болады.
    Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға негізделген бағдарламаның  үшінші бағытында 703 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылса, оның ішінде 60 адам тұрақты жұмысқа орналасты.


06 желтоқсан 2017 ж. 1 691 1

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 02:59
Cialis Pas Cher Paiement Securis http://xzanax.com Forum Cialis Sans Ordonnance