Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Негізгі салалардағы нәтижелі іс

Негізгі салалардағы нәтижелі іс


Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлей­менов өткен жылдың қорытындысы,  Елбасы Жолдауынан туындайтын ал­дағы міндеттер туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
Облыста газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Өткен жылы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде АГТС орнатумен қатар, «Бейнеу-Шымкент» магистральды құбырынан бұрма газ құбырының құрылысын бастау үшін республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Аталған жоба бойынша 14,8 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 2017 жылға жоспарланған құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Сонымен бірге биыл жобаны толығымен жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 892  және облыстық бюджеттен 99 млн теңге қаржы қаралды. Осы жылы Тереңөзек кентінде АГТС-пен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан бұрма газ құбырын жасау үшін тиісті қаржы бөлінді. Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу құрылысына облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға тиісті жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, Белкөл кентін газдандыру үшін қаржы қаралып, құбыр тартылды. Бүгінде кент тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп отыр.
Жылумен қамтамасыз ету бойынша 2015-2016 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына 4 млрд теңге қаржы бөлініп, 14,4 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылды. Сонымен бірге, электрмен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген тиісті қаржыға мамандар тұрғындар өз бетінше тартып алған желілерді жаңартты. Жалпы ұзындығы 26,1 шақырым әуе желісі тартылып, 4 дана 10/0,4 кВ трансформаторлық станса салынды. 2 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Бастысы, 2017 жылы коммуналдық қызметтердің тарифтерінде өзгерістер болған жоқ. Сондай-ақ, 2016-2017 жылдары сумен қамтамасыз ету бағытындағы 41 жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қор есебінен қаржы  қаралды. 2017 жылы 36 жобаны жүзеге асыру үшін 5,8 млрд теңге бөлініп, 32 жоба аяқталып, пайдалануға берілді. Енді қалған 4 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары өзі жетекшілік  ететін салалар бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында айтып берді. Осы уақыт ішінде облыс аумағында 228 құрылыс нысанын салу жоспарланса, жыл көлемінде құрылыс жұмыстары басталып, 100 процентке орындалды. Бұл бағыттағы бақылау-қадағалау   шаралары  күшейтіліп,  есепті мерзімде 300 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде 58 нұсқама беріліп, олар толық орындалды. 
– Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қала – бұл 1532 гектарды құрайтын аумақ. Оның 367 гектары рекреациалық аймақтарды құруға, 537 гектар тұрғын үйлердің, 190 гектар сауда және офистік ғимараттардың, 270 гектар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысына арналған. Аз уақыт ішінде және қарқынды жұмыстардың нәтижесінде сол жағалау жаңа қалашыққа айналады, – деді облыс әкімінің орынбасары. 
Брифингте құрылыс, сәулет және қала құрылысы, теміржол, әуе жолдары мен өзге де салалар жайында кеңінен айтылды. Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берілді.

Сара АДАЙБАЕВА,
«Сыр бойы»
11 ақпан 2018 ж. 1 195 2

Гость JeaOrer от 23 ақпан 2019 10:24
Generic Viagra Shipped Overnight buy cialis No Precreption Avodart 0.5 Mg Cialis Ereccion Dapoxetine On Line

Гость JeaOrer от 12 наурыз 2019 13:01
Cialis 5mg Posologie acheter viagra sans ordonnance Treating Bronchitis With Amoxicillin Cialis Y Enalapril Kamagra Interdit En France