Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Байқау жеңімпазы анықталды

Байқау жеңімпазы анықталды

Бұрнағы күні №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өзге ұлт жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – парасат» аудандық байқауы өтті.
Байқауға 13-16 жас аралығындағы жастар қатысты. Қатысушылар эссе жазу, ұсынған тақырып бойынша жұппен диалог құрау, қазақ ақындарының бір өлеңін жатқа оқу сынды кезеңдер бойынша бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені А.Ким, І орынды Ю.Кочерещенко, ІІ орынды А.Гриценко, ІІІ орынды Р.Супиянов иеленді. Шара соңында қатысушыларға арнайы «Алғыс хаттармен» сыйлықтар табысталды.

«ТТ»-ақпарат
13 желтоқсан 2019 ж. 490 0