Бас жүлде кімге бұйырды?
Жақында аудандық мəдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тілдарын – 2019» аудандық олимпиадасы өтті. Байқауға аудан бойынша білім беру мекемелерінен талапкер қатысып, бақ сынады.
Олимпиада қорытындысында әділ қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені №35 орта мектеп-лицей оқушысы С.Ағыбай, І -орынды №37 мектеп-лицей оқушысы Ұ.Әбуова иеленді. Ал ІІ орын тұғырынан №42 мектеп оқушысы Ш.Паридонова лайықты деп танылды. Сонымен қатар қос бірдей ІІІ орынды №210 мектеп оқушысы А.Келдібай, №129 орта мектеп оқушысы Д.Русланқызы алды. Жеңімпаздарға «Алғыс хаттар» және бағалы сыйлықтар табысталды.
"ТТ"-ақпарат