Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » "Үздік жас маман – 2019" байқауында кім топ жарды?

"Үздік жас маман – 2019" байқауында кім топ жарды?

Аудандағы №137 орта мектепте «Үздік жас маман - 2019» байқауы өтті. Байқауға аудан мектептерінен 17 жас маман қатысты.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім мен тәрбие берудің бағыттарын жан-жақты меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген жас мұғалімдерді анықтау, оларды іскерлікке, өз кәсібіне жауапкершілікпен қарауға баулумақсатын қойған байқау төрт кезеңнен ұйымдастырылды. Олар: таныстыру, жас маманның панорамалық сабағы, идеялар аукционы және «Жарқын елдің шамшырағы – жас маман» сұрақ-жауап сайысы.

«Үздік жас маман-2019» байқауының нәтижесі бойынша бас жүлдені №137 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есмарал Өмірбаева, І орынды №36 мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөлдір Сейдікәрімова, ІІ орынды №42 мектеп-лицейінің ағылшын пәнінің мұғалімі Жанна Райсова және ІІІ орынды №135 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Ақерке Жақсылықова иеленді.

Сондай-ақ «Жаңашыл ұстаз», «Ізденімпаз ұстаз», «Шығармашыл ұстаз» номинациялары белгіленді. Барлық жеңімпаздарға диплом мен естелік сыйлық табыс етілді.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
09 желтоқсан 2019 ж. 1 839 0