Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Облыстық кезеңге жолдама алды

Облыстық кезеңге жолдама алды

Жақында №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектепте оқыту мен оқу үдерісінде жоғары жетістіктерге қол жеткізген, шығармашыл үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін анықтап, кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - 2019» байқауы өткізілді.
Байқауға қатысушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша теориялық, әдістемелік кәсіби шеберліктері және озық тәжірибелері мен шығармашылықтарын көрсетіп, 5 кезең бойынша бақтарын сынады.
Теориялық және пәнді оқыту әдістемесі бойынша тест тапсыру, «Бір сабақ - бір әлем» мұғалімдердің ықшам сабағы, түсіндірмесі және оның 7 минуттық бейнежазбасын көрсету, мұғалімнің шығармашылық шеберханасы, латын әліпбиі негізінде диктант жазу, эссе жазу кезеңдерінен тұрды. Аталған байқаудан үздік шыққан
№147 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Э.Тайғараева байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Б.ОРДАБЕКОВ
22 қыркүйек 2019 ж. 969 0