Тойды қалай өткізіп жүрміз?
Қазақ үшін той – қуаныш. Туған-туысты ақ дастарханда қосу, ізгі тілектерді есту, ақсақалдар мен ел ағаларының батасын алу – тойдың түпкі мүддесі. «Өмірдің бір сатысын абыроймен өткердім» деп ел-жұртының алдында берген есебі десе де болады. Осы тұста дастарханның сәні келіскенімен, тойдың мәні қашып барады. Бүгінгі талқыдағы тақырып – осы.
Тойдан демалып емес, шаршап қайтамыз. Ертеректе қазақтың әрбір тойы – ұлттық тәрбие бесігі болған болса, осы заманғы тойлар әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің, өнердің бағын тұншықтыруда. Жаңашалап, елде болмаған кәде-сыйды ойлап шығарып, «ерекшеленудің жолы осы екен» деп әркім ойына келгенін істейтін шараға айналып бара жатқаны тағы бар.
Шындығында осы тақырып та бүгінгі күні көпшілік болып ой қозғап, пікір таластыратын деңгейге келіп тұрған секілді. Себебі бүгінде көпшілік уақыттың қадірін білмей жүр. Ал тойдағы бос даңғаза дүниелер сол қымбат уақытты шығындауға әкеп соқтыруда. Атақты бабаларымыз Жамбыл, Кенен, Шашубай, Сүйінбай, Нұрпейістің ақындық, айтыскерлік өнері, Балуан Шолақтың, Қажымұқанның алып күштің иесі ретінде шыңдалу мектептері қазақтың ұлан-асыр тойларының төрі болғаны баршамызға аян. Осындай жолмен танылған атақтылардың есімін тізе беруге де болады. Бірақ бүгінгі айтпағымыз қайткенде ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүр ерекшеліктерімізді ескеріп, тойға уақытында барып пайдаға жарататын шараға айналдырамыз.
Тойға шақырылғанда той иесінің құрметпен күтетіні әрине, қонақтар. Бар жиған-тергенін тойға жаратуға арнаған қазекем меймандарының асты-үстіне түседі. Сол сыйлы дастарханға отырудың уақыты бүгінде мезгілінен 2-3 сағат кешігуі әдетке айналған. Кешкі жетіге шақырса, тоғыз бен онға таман әрең жиналады. Кешігіп басталған той алдымен келген бірен-саран тәртіпті қонақтарды да, күте-күте екі көзі төрт болған той иелерін де шаршататыны ақиқат.
Осы тақырып аудандық қоғамдық кеңес отырысында талқыланды. Мұнда көтерілген басты мәселе – той уақытын қысқарту болды. Түн жарымда басталып, таң атқанда аяқталатын бұл мерекелерді тәртіпке келтіру керектігі айтылды. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы Арал ауданындағы мейрамханалар түнгі он екіде жұмысын тоқтатып, мереке аяқталатынын тілге тиек етті. Осы бастаманың біздің ауданға да қажеттігі туындап отырғанын жеткізді. Кеңес мүшелері кенттегі мейрамхалар иесінің де басын қосты, мәселенің маңызын айқындады. Ал нәтижесінде аудан бойынша той уақыты 19:00-де басталып, 00:00-де аяқталуы тиіс деп шешім қабылданды. Ал «тәртіпке бағынған құл болмайтынын» ескерсек сырдариялықтар осыған бейімделуі керек.
Одан бөлек кеңес отырысында діни жоралғылар мен Құран бағышталатын мешіттерге арнайы ас мәзірін бекіту керектігі жөнінде аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов мәселе көтерді. А.Тоқмағамбетов ауылында бастау алған бұл қағиданы барлық елді мекенге үлгі ете отырып, енгізу қажеттігін жеткізді. Яғни тек жеті түрлі астан дастархан дайындалу керек. Оған ет пен бауырсақ, май мен тары, қаймақ және кәмпит пен печенье кіреді. Ал жеміс-жидек пен сусындар, салаттар қоюға тыйым салынбақ.
Қоғамдық кеңес отырысында білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қ.Омаровтың хабарламасы тыңдалды. Мұнда ауданға қарасты бірнеше балабақша атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ғ.Акбаров бірнеше мәселе төңірегінде баяндама жасады.

Майя ҚОЖАБАЙ