ӨЗБЕКТІҢ ТОЙЫ БИ ЖАРЫС, ҚАЗАҚТЫҢ ТОЙЫ...
-Балам-ау, маған 10 мың теңге ақша керек болып тұр.
-Не үшін?
-Көрші ауылда нағашымның қызының қызы күйеуге кетіп жатыр екен соған баруым керек.
-Бар болғаны 5 мың теңге ғана бар.
-Қалғанын қарызға болсын тауып берсеңші.
-Сол 5 мың теңге болмайды ма?
-Жоқ, бізге келгенде 10 мың әкелген, соны апармасам «ұят болады»...
Иә, осы «ұят боладының» әуселесі бүгінде қалтаның жұқалығына қарамастан қазақты қарызға батыруда. Бармауға амал жоқ, өйткені ол Сіздің тойыңызға келген, тойға деп арнаған дәптердің ішіндегі тізімде тұр. Ал оның «тойлық» деп әкелгенін апармасаңыз немесе одан артық етпесеңіз кем етпейтініңіз тағы бар. Өйткені, бұл бізше «ұят болады». Осының арқасында бүгінгі барыс-келістің басты шарты «қымбаттау» алыс-беріс болып тұр.
Ә дегеннен алыс-берісті сөз еткеннен нені айтпақ болып тұрғанымызды сезген боларсыз. Иә, қазіргідей жағдайда өзекті болып тұрған мәселелердің бірі қазақ тойындағы ысырапшылдық, бәсекелестік – бүгінгі тақырыбымыздың өзегі. Мұны қазіргі таңда көпшілік қозғап жүр. Қайта-қайта айта бергеннен тойдың болмауын тілеп, қызғанғандығымыз емес. Әрине, күнделікті өміріміз өкініш емес, қуанышқа толы той болсын дейміз. Тойшыл халық екеніміз анық. Алайда, ұлттық құндылықтарымыз дәріптейтін тойдың алыстап, батыс-шығыстан көргенімізді жасап, ысырапшылдыққа салынатын «шоу» тойдың белең алып бара жатқаны қынжылтады. Той үстіндегі бейәдеп қылықтар, қазақы сән-салтанатынан гөрі өзгеден енген жөн-жоралғылардың көбеюі қуаныш емес қызғаныш, мақтаныш болып барады.
Бүгінгі той бәсекелестік екені анық. Өмірге сәби келсе, ол ер жетіп мектепке барса, оны бітірсе, отбасын құрса және тағы басқа да қуанышты қарызданып-қауғаланып дүркіретіп атап өту сәнге айналып барады. Өйтпеске амал жоқ. Себебі, оның қатары «несиеге» сеніп, бар қуанышын бөлісуде. Бұл осы күні бір миссияға айналғандай.
Шынында, қазіргі той толып жатқан миссия. Мұнда әркімнің бір-бір миссиясы бар. Ер жеткен ұл бір басын екеу етіп, шаңырақ көтеруге ниет қылады. Оның салмағы алдымен ата-анаға түсетіні белгілі. Бұл тойды ешкімнен кем етпей жасап беру – ата-ананың миссиясы. Әрине, әке-шешеге түсетін ауыртпалық түсінікті. Десе де шама-шарқыңа қарап, «біреуден асып түсем» деп емес, «баланың бақыты үшін» деп той жасаған жөн секілді. Мұнан соң ағайынның миссиясы басталады. «Бар қылатын да, жоқ қылатын да ағайын» десек, бүгінгі ағайын-туыс қуанышты бөлісіп, қызмет етемін деп емес, бір көрініп, керегімді алып кетемін деп келуді әдетке айналдырған. «Бір тойым болса маған да келер» деген есеппен жүретін болды.
Бұрындары жұртшылықты жинап үйде думандатқан халық енді зәулім мейрамханаларда тойды жарыса жасап, шоуға айналдырды. Мұндағы миссия тым бөлек. Толып жатқан түсініксіз жөн-жоралғылар. Бұл той бұрынғы тойдан ерекше болу үшін, жұртпен бәсекелесу, түкке тұрғысыз нәрсеге шығындалу, шашылу. Бірде бір тойға барып, екі жасты өзіміз кірген есіктен күтіп тұрсақ, олар мейрамханаға көлікпен кіріп келді. Сөйтсем, бұл үйлену тойындағы жаңа «үрдіс» екен. Мұнан бөлек жыр болған торт кесу, қалыңдықтың теріс қарап гүл лақтыруы секілді салтанаттар тойдың «дәстүрі». Осылар жасалмаса, көпшіліктің сөзіне қаласыз, тойдың қызық өтпегені. Сондай-ақ, бүгінде отау құрып жатқан екі жастың той үстінде флеш-моб билеуі тіптен ерсі қылық. Қазақтың ибалы келіндері әрқашан инабаттылықты, әдептілікті сақтап, үлкендердің алдында әдепсіз қылықтарға жол бермеген. Ал қазір келін боп түспей жатып той үстінде шөлжеңдеп билеп жүреді. Мұның өзі тойдағы қазақы сән-салтанатымыздың жоғалып бара жатқанын көрсетеді.
«Өзбектің тойы би жарыс, қазақтың тойы құй да іш» дегенді естігенім бар еді. Расында, осы күнгі тойларымыз алдымен «құй да іш», артынан би жарыс болуда. Би жарыс болғанда қандай десеңізші? Ақыл айтады деген ағаларымыз сылқия тойып алып, жастарға қырын көрсетеді. Ал қылықты деген қыздарымыз жаға ұстатарлық жағдайларға баруда. Тойда тыр жалаңаш шешініп билеуді әуеске айналдырып барады. Сондай кезде оған «әй» дейтін әже, «қой» деп айтатын қожаның болмауы немесе той төрінде отырған жандардың оларды желкесінен ұстап сүйреп шығармауы ұят екені анық. Қырық үйден тыйым жасалатын қыздарға той кезінде тоқтау болмай тұр. Сондықтан бұған бей-жай қарауға болмайды.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
Пікір 2