Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Арнайы тестілеуден өтті

Арнайы тестілеуден өтті

Дүниежүзілік банк өкілдерінің сапары Елордаға жасалған кезекті миссия аясында өтті.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында Халықаралық қайта құру және даму банкінің өкілдері Қазақстандағы еңбек нарығының мәселелерімен және келешегімен танысу мақсатында Нұр-Сұлтандағы жұмыспен қамту орталықтарына барып қайтты. Халықаралық қайта құру және даму банкінің білім беру жөніндегі жетекші маманы Александрия Валерио лайықты жұмысты іздеп жүргендерге көмектесуі мүмкін басты сұрақтарға жауап беру арқылы орталықтың қызметін өз тәжірибесінде тестілеп көрді.
Әдетте кеңес берушілер жұмыс іздеп жүргендерге бейінін анықтау қызметтерін ұсынады (қазіргі таңда пилоттық режімде), яғни білім деңгейі, тәжірибесі және мотивациясы сынды басты сипаттамалар кешені анықталады. Бұл лайықты жұмысты нақты таңдауға көмектеседі. Мәселен, Александрия Валерио «жұмыс іздеуші» ретінде келесі бастапқы мәліметтерді жүйеге хабарлады: жұмыс тәжірибесі жоқ үй шаруасындағы әйел, орта білімді, жедел жұмыс іздейді, жұмыс үйдің жанында болса жақсы. Орталықтағы кеңес беруші түсіндіргендей, жұмыс іздеу қаншалықты қауырт болғанына қарай таңдау жасауға болады: бірден жұмысқа шығуға болады немесе жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жаңа мамандықты игеру курсынан өткен соң жұмыс орнын табуға мүмкіндік бар. Курстарда оқу кезінде белгіленген шәкіртақы төленеді және курстарды бітірген соң жұмыс іздеушілер жұмысқа орналаса алады немесе өз ісін аша алады.
Қазіргі таңда орталықтар жұмыс іздеу, әлеуметтік орындарға жұмысқа тұру, жастар практикасына бағыттау, кәсіби оқыту сынды тағы да басқа қызметтерді ұсынатындығын атап өту қажет. Электрондық еңбек биржасының базасын жұмыс берушілердің өзі күнделікті түрде жаңартып тұрады, осының арқасында жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындарының бар екендігіне сенімді бола алады.
Бүкіл Қазақстан бойынша жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлер құрамы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының ұйымдастырған біліктілікті көтеру курстарынан тұрақты түрде өтіп тұрады. Тренингтер кезінде жұмыс іздеушілермен және жұмыс берушілермен жұмыс жасау кезінде жиі туындайтын сұрақтар талданып, жекелеген әрбір орталықтың қызметіне аралық қорытынды шығарылады, қызметкерлер жұмысқа тұруға қатысты қолдау көрсету, кеңес беру бойынша оқудан өтеді.
Александрия Валерионың бағалауы бойынша Қазақстандағы жұмыспен қамту орталықтарының ұсынып отырған қызметтер шеңбері өте кең, алайда жұмыспен қамтуды қолдау шаралары қызметкерлер құрамын даярлаудың жаңаланған бағдарламасы  және жұмыс іздеушілердің бейінін анықтауға арналған қосымша қызметтер арқасында барынша тиімдірек жұмыс жасамақ.
Халықаралық қайта құру және даму банкінің қаржылай және техникалық қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында бұған дейін K-Bagdar қоғамдық қорының сарапшылары дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу нәтижесінде жұмыспен қамту орталықтарының ұсынатын қызметтерін жаңарту және жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын дайндаған болатын. Сарапшылардың ұсынған іс-шараларының мақсаты – ұсынылып отырған қызметтерді жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің өтінімдеріне барынша сәйкестендіру.
2019 жылы жоба аясында Қазақстандағы жұмыспен қамту орталықтарының материалдық-техникалық жабдықталуы жақсартылды, ал 2019 жылдың желтоқсанынан бастап жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерін оқыту басталып, кері байланыс беру тетігін ендіру жоспарланған.
03 желтоқсан 2019 ж. 597 0