Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ

ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ


Бүгінде мемлекеттік Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, жекелеген тұлғаларға берілетін мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем болып табылады. Аудан бойынша аталмыш көмек негізінде біршама тұрғындар анықталып, бүгінде жергілікті және республикалық бюджет есебінен қаржы көзі тағайындалған. Осы орайда, аудан тұрғындары өз кәсіптерін ашып, игілігін көруде.
Бұрнағы күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі өкілдері ауданымызда болып, тұрғындармен кездесу өткізді. Оған ҚР ЕжХӘҚМ-нің атаулы көмек басқармасының басшысы А.Әбдрахманова, Дүниежүзілік банк кеңесшісі К.Манабаева, Алматы облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Н.Жамбауова, Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Д.Баянова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары А.Есқараева, сала мамандары қатысты.
Қонақтар алғашқы кезекте кент орталығында орналасқан «Әлеуметтік дүкен» жұмысымен танысты. 2015 жылы ашылған дүкенде қазір 132 отбасы 631 адамға қызмет көрсетуде. Көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға жергілікті кәсіпкерлер демеушілігімен 5 түрлі азық-түлік жеңілдетілген бағамен сатылады. Бұдан кейін кент тұрғыны Ж.Әбішбай шаңырағында болды. Атаулы әлеуметтік көмек негізінде жолдасы екеуі қаржылай көмек алып, тігін тігу ісімен, ағаш ұсталығы қызметімен айналысуда. Сонымен қатар кент тұрғыны Ж.Әбетова аталған көмек негізінде нан өнімдерін дайындаумен айналыспақ. Ал, Шаған ауылының тұрғыны Е.Әблақов «Өрлеу» жобасы шеңберінде құс шаруашылығын дамытуды қолға алған. Мамандар жоба аясында кәсіпкер еңбегінің жемісін көзбен көрді. Ол қазіргі таңда үй жағдайында ұстауға қолайлы бірнеше құстардың басын біріктіріп, күтім жасап отыр. Өз кезегінде республикадан келген қонақтар әріптестік байналыс орнату мақсатында мекемелер үйінің жұмысымен танысты.
Аудан өмірі кеңінен насихатталатын «Еңбек даңқы» музейінде болған меймандар шежірелері тарихымызға қанықты. Бұдан кейін қонақтар Нағи Ілиясов ауылында болып, әлеуметтік нысандарды аралады.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ

12 маусым 2018 ж. 1 188 1

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 09:20
Viagra Vente Ligne Propecia Scotland cheapest cialis Cialis 5mg Pellic Cialis Surdosage Find Macrobid 100mg Bacterial Infections Visa