Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮРСІЗ БЕ?

ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮРСІЗ БЕ?

Елімізде жұмыссыздық мәселесі көбіне жастармен байланыс­ты. Ұлт болашағы – жастардың қолында! Ал болашақ бағдарсыз болмайды. Осыны жете түсінген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Жастар саясаты» жөніндегі заңды қабылдауды тапсырған болатын. ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. «Жас­тар – болашаққа апаратын алтын көпір» дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Ал ол үшін қолда барды қолданып, ел үкіметі бекіткен жобалар арқылы әр жас маман өз мамандығының кірпіші болып қалануы тиіс.
Ауданнан нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында қайта даярлау курстарында осы жылы 100 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінгі таңда «Визажист», «Маникюр», «Шаштараз», «Тігінші», «Кондитер» мамандықтары бойынша оқу курс­тарына 59 адам жолданған.
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі жайына келсек, жұмысы және жалақысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орта­лығы, «Электронды үкімет» веб порталы, мемлекеттік корпорация­сы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Жалпы жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына хабарласқандар саны – 986 адам, орталықтың белсенді шарттарымен қамтылғандар саны – 821, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылған азаматтар – 208. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды. Былтырмен салыстырғанда 0,1 пайызға кеміді, яғни бұл жұмыспен қамту орталы­ғының нәтижелі жұмысының арқасы.

Ұлбосын КЕНІШБЕК
16 шілде 2019 ж. 746 0