Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімнің бағы – Елбасы

Елімнің бағы – Елбасы

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Елімнің бағы – Елбасы» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Р.Рүстемов, облыстық мәслихат депутаттары Р.Есенов, Ж.Нұрымбетов қатысты.
Мерекелік шарада лэд экран арқылы тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Онда ерлігі дастан Елбасының Тәуелсіз Қазақ­станды гүлдендірудегі еңбегі, ішкі-сыртқы саясаттағы көрегендігі, көш­басшылық қасиеті көпшілік назарына ұсынылды. Мұнан соң Мемлекеттік Ту енгізіліп, Гимн орындалды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Руслан Рүстемұлы сырдариялықтарды айтулы мерекемен құттықтады.
– Ел экономикасын дамытып, ішкі және сыртқы саясатты әлемдік деңгейге көтерген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еркіндіктің есігін ашты. Елбасының мықты саяси ерлігі мен көреген саясатының арқасында үлкен белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл жетістіктер Қазақстанның бірлігі, Конституцияның қорғалуы, адамдардың құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз етуші әрі жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы – Тұңғыш Президенттің есімімен тікелей байланыс­ты. Нұрсұлтан Әбішұлы аз ғана уақыт ішінде жаһандық бастамалардың иесі, кемеңгер саясатшы ретінде әлемге танылды. Сыр елі Елбасының ерекше ықы­ласына бөленген аймақ. Барша қазақстан­дықтармен бірге Сырдария ауда­нының халқы да Елбасы сая­­сатын қуат­тай отырып, еліміздің дамуы­на өз үлесін қосып келеді. Баршаңызды тари­хы­­­­мызға қазақстандықтардың бүкіл­халық­­­тық таңдауымен енген мемлекеттік мере­­­­кемен құттықтаймын, – деді аудан басшысы.
Құттықтаудан кейін аудан әкімінің ықылас гүлі ортаға қойылып, аудан көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Е.БЕРКІНБАЕВ
30 қараша 2019 ж. 784 0