Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аудандық газетке қолдау көрсетушілерге алғыс айтамыз

Аудандық газетке қолдау көрсетушілерге алғыс айтамыз

Ағымдағы жылдың 23 қазанында ауданымыздағы 104 жастағы қазыналы қарияға аудандық басылымның қолдаушысы аудандық газетті 2020 жылға тегін жаздыртып берген еді.
Бұл игі іс әлеуметтік желі қолданушыларының оң бағасын алып, арада бір күн өткен соң тағы да бір демеушіміздің есібінен мемлекеттік қызмет саласының ардагері де аудандық басылымға бір жылға тегін жазылды.
Бүгінде бұл бастама жақсы іс жасауға ынталы азаматтар арасында қолдау тауып, ардагерлерге аудандық газетті тегін жаздыртып беру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Мәселен, күні кеше "Talents akademy" директоры Ақгүл Абдрасулқызы Тереңөзек кентінің бір тұрғынына аудандық "Тіршілік тынысы" газетін 2020 жылға тегін жаздыртып, еңбек ардагерінің ризашылығын алды. Енді аудандық басылым ардагердің үйіне келесі жылы аптасына 2 реттен, жылына 104 мәрте баратын болады.
Осы ретте аудандық басылымға қолдау көрсеткен жоғарыда аттары аталған азаматтарға шынайы алғыс айтамыз.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
30 қазан 2019 ж. 1 123 0