Әділ Ботпанов әлеміне бірге саяхат жасайық
Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде 2019 жылдың 29 қарашасы күні сағат 10.00-де тағдырлы ақын Әділ Ботпановтың 50 жасқа толуына орай және ақын шығармашылығын насихаттауға арналған "Мені өледі деген сөздер - ертегі" атты жыр кеші өтеді, – дейді syrboyi.kz.
Жыр кешінде қалалық Жастар театрының композициясы тамашаланып, ақын өлеңдері оқылады. Белгілі эстрада әншілері ақын сөзіне жазылған әндерді орындайды.
Жас ақындардың республикалық жыр мүшәйрасы өткізіледі.
Жыр кешінде Ә.Ботпановтың өмірдегі, өлеңдегі үзеңгілес достары, елімізге есімі танымал қаламгерлер естеліктер айтады.
Қасиетті қара өлең нәрімен сусындаймын деген барша талғамды тыңдарманға есік ашық.
«Қызылорда қаламгерлер қауымдастығы» ҚБ мен Қызылорда қалалық
тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі.
Ақпараттық демеуші – «Сыр медиа» ЖШС.