Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүшәйрадан қалыс қалмаңыз!

Мүшәйрадан қалыс қалмаңыз!

Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Қызылорда қаламгерлерінің қауымдастығы» ҚБ және «Сыр медиа» ЖШС талантты да тағдырлы ақын Әділ Ботпановтың 50 жасқа толу құрметіне арналған облыстық жыр мүшәйрасы өтетінін хабарлайды, – syrboyi.kz.
Мүшәйраның шарттары:
1. Мүшәйраға жасы 18-40 аралығындағы ақындар қатыса алады.
2. Олардың өлеңдері ­алдын ала арнайы комиссияның іріктеуінен өтеді. Іріктеуде жарамсыз деп табылған шығарма мүшәйраға жіберілмейді.
3. Шығармалар мүшәйра талабына сай болуы керек (талап осы анықтамада қоса беріліп отыр).
4. Мүшәйра жеңімпазы 1, 2, 3-ші орынмен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады (сыйлық ақшалай).
5. Қазылар алқасы белгіленген орынның немесе сыйлықтың санын еселеуге, керісінше қысқартуға құқылы.
6. Шығармалар мына мекенжайға қарашаның 15-не дейін түсуі тиіс: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 4 «А», ­­«Сыр ­медиа» ЖШС ғимаратының 2-қабаты, 210-бөлме. e-mail: ­aiashuly_62­@mail.ru
Мүшәйра талабы:
а) Ақын 2 өлең оқиды (бірі – арнау, бірі – еркін өлең).
ә) Қатысушының бірінші өлеңі тағдырлы ақын Ә.Ботпанов­тың болмысын ашуы тиіс немесе ол шығарма ақындық қасиетке арналады.
б) Қатысушының киім киісі, өлең оқу мәнері, көрерменмен арақатысы, яғни, аудиторияны назар аударта білуі есепке алынады.
30 қазан 2019 ж. 805 0