Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық мүшәйраға қатысуға шақырамыз!

Облыстық мүшәйраға қатысуға шақырамыз!

«Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдығы аясында «Атыңнан ­айналайын, Атамекен!» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өткізіледі, – дейді, – syrboyi.kz.
Е Р Е Ж Е С І
  
Мүшәйраның мақсаты:
Алаштың анасы атанған киелі Сыр өңірі дәуірлер сипатын ашатын тарихқа да, данышпан би-шешендерінен, батырлары мен ақындарынан қалған асыл мұраға да бай. Рухани жаңғыру бағдарламасы бо­йынша сондай жәдігерліктерімізді ұрпақ бойына сіңіруге ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.
Мүшәйраға қатысушы ақын атамекеніміздің қасие­тін, аталарымыздың өсиетін жырмен кестелеп жеткізуге міндетті. Сонымен бірге, «халықтың тілі, көзі һәм құлағы» болған аймағымыздың ата басылымдары туралы да сыр толғауы тиіс.
Ақындар мүшәйрасы ұлтымыз­дың басты тәрбие құралы болған  халықтың салт-дәстүрін, туған же­ріміздің ыстық келбетін өрнектеу арқылы санамыздың рухани жаңғыруын мақсат етеді.
 
Мүшәйраның талаптары мен шарттары:
-  Мүшәйраға 18-40 жас аралы­ғындағы ақындар қатыса алады.
- Қатысушы мүшәйрада оқылатын өлеңін алдын ала көрсетілген мекен-жайға жіберуі қажет.  
- Ақын өз даусымен екі өлең оқиды, екеуі де көрсетілген тақырыптарды қамтуы тиіс.
-  Мүшәйраға арнайы сараптаудан өткен ақындардың шығармалары жіберіледі.
Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау:
Мүшәйраның өту барысында қазылар алқасы төмендегі талап-талғам бойынша жұмыс   жасайды:
- Өлеңнің тақырыбы және құ­рылымы;
- Тіл тазалығы мен ақынның тақырыпты жеткізу шеберлігі;
- Автордың оқу мәнері мен аудиторияға әсер етуі;
- Қатысушының өзін сахнада ұстау мәдениеті;
11 қараша 2019 ж. 578 0