Әлеуметтік дүкеннің қызметі қандай?
Кент орталығында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларын қолдау, бірінші кезектегі азық-түліктерді төмендетілген бағамен қамтамасыз ету мақсатында «Әлеуметтік дүкен» жұмыс жасайды. Негізінен дүкеннің демеушілері - кәсіпкерлер. Аталған дүкен аз қамтылған көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға қызмет көрсетеді. Дүкенде бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері 30-50 пайыз жеңілдікпен сатылады. Негізінен 5 түрлі азық-түлік өнімдері, олар күріш, қант, ет, ұн, өсімдік майыжеңілдетілген бағамен сатылады. Қазіргі таңда 86 отбасы 432 адам қызмет алады.
«ТТ»-ақпарат