Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Әлеуметтік дүкен жұмысымен танысты

Әлеуметтік дүкен жұмысымен танысты

Қызылорда облысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары іссапармен келді.
Іссапар аясында депутаттар халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау, төмендетілген бағада азық-түліктермен қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейтін «Әлеуметтік дүкен» жұмысымен танысты. Мұнда аталған дүкеннің меңгерушісі М.Сейпулова азық-түлікті жеңілдікпен алатын азаматтар туралы мағлұматтармен таныстырды. Мәжіліс депутаты Г.Әбдіхалықова «Әлеуметтік дүкеннің» халықтың осал топтарына үлкен көмек екенін айтып, бүгінгідей нарық кезеңінде дұрыс үйлестірілген жұмысқа оң бағасын берді. Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов «Әлеуметтік дүкеннің» тұрақты қолдаушысы екенін айтты.
Айта кету керек, қазіргі таңда дүкеннен 86 отбасы (432 адам) қызмет алады. Дүкенде бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері, атап айтқанда күріш, қант, ет, ұн, өсімдік майы 30-50 процент жеңілдікпен сатылуда.
08 қараша 2019 ж. 794 0