Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЙЫРЫМДЫ БОЛҒАНҒА НЕ ЖЕТСІН?!

ҚАЙЫРЫМДЫ БОЛҒАНҒА НЕ ЖЕТСІН?!


Аудан орталығында 2015 жылдан бері «Әлеумет­тік дүкен» жұмыс жасап келеді. Аса қажетті азық-түліктің 5 түрін 30 немесе 50 пайыз же­ңілдікпен үлестіретін дүкен жағдайы төмен отбасыларға жақсы кө­мек болуда. Нарық кезеңін­де азық-түлік бағасы қанша қымбаттағанымен «Әлеуметтік дүкендегі» ұн, ет, май, күріш, қанттың бағасы бастапқы бағасын сақтаған. Бұл дүкеннің азық-түлігін қазіргі таңда кенттегі 650-ден аса отбасы тұтынып отыр. Олар­ға демеушілікті аудан кә­сіпкерлері, шаруашы­лық басшылары және де жомарт жандар жасауда.
Міне, сондай қайырымды жандардың бірі – аудан кәсіпкері, облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов жақында «Әлеуметтік дүкен» қоймасына 50 қап картоп түсіріп берді. Бұған дейін де аталмыш дүкенге қажетті азық-түлік қорын әкеліп, көмек көрсетіп жүрген кәсіпкер берекелі алтын күздің өнімімен бөлісуді ұйғарыпты.
Негізі, Расул Әбутәліпұлы өзі басқаратын «Углесбыт» ЖШС қызметкерлеріне биыл көктемде тың жер ашып, картоп егуге жағдай жасаған. Серіктестік қыз­мет­керлерінің бірлескен жұмысы, ала жаздай төккен маңдай тер өз нәтижесін берді. Жақында сол картопты қазып алып, мол өнім жинаған. Серіктестік қыз­меткерлері соның бір парасын «Әлеуметтік дүкенге» беруді жөн санаған.
– Қазақта «Халық – Құдайдың бір аты» деген нақыл бар. Сол айтқандай, өзіміз үшін табыс табамыз, бірақ халыққа да қарасып тұрған жөн. Өзіңде барды өзгелермен бөліскенге, қайырымды болғанға не жетсін?! Соның арқасында жасаған тірлігің алға баса береді. Оның үстіне, қайырымдылық жасау – ізгілікті, игілікті іс. Бұған әркімнің де атсалысқаны абзал, – дейді жанашыр азамат. Осы тұста, жергілікті кәсіпкердің жанармай бекеттерінде жанар-жағармайды өзгелерден арзан бағада сатуын да тұрғындарға деген көмегі екенін айта кеткен жөн.
Иә, осындай іскерлігімен жүйелі жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлер жомарттығының арқасында «Әлеу­меттік дүкеннен» ай сайын тұрғындар қажетті азық-түлігін алуда. Бұл тұста, дүкен тұтынушыларының қа­йы­рымды жандарға айтар алғысы шексіз.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
02 қараша 2018 ж. 1 136 0