Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мол мүмкіндікке бастар жол

Мол мүмкіндікке бастар жол

Президенттік жастар кадрлық резервін құру қажеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында атап өткен болатын. Бүгінде аталған іріктеуге түрлі сала өкілдері, кәсіп иелері қатысуда. Олар міндетті түрде мемлекеттік қызметкер болуы шарт емес. Яғни квазимемлекеттік, жекеменшік сектор, азаматтық қоғам өкілдері іріктеуге қатысып, өз мүмкіндіктерін дәлелдеуде.
Расында, бұл «Жастар жылы» аясында білімді әрі дарынды жастарға берілген айрықша мүмкіндік, нақты қолдау болып отыр. Президенттік жастар кадрлық резерві – білімі және біліктілігі сәйкес тәжірибелі жас азаматтар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты. Резерв жедел шешім қабылдауға қабілетті, құбылмалы жұмыс жағдайларына жылдам икемделе алатын жас кадрларды біріктіреді.
Мемлекет басшысының кадры қатарына енген жастар елге адал қызмет етіп, Қазақстанның дамуына тың серпін қосатынына сенім мол.

Ұмытпас БӘЙДАУЛЕТОВ,
мемлекеттік қызмет саласының ардагері
02 қараша 2019 ж. 637 0