Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жергілікті кәсіпкер аудандық газетті 15 ардагерге тегін жаздыртып берді

Жергілікті кәсіпкер аудандық газетті 15 ардагерге тегін жаздыртып берді

Жерлестер мақтанышына айналған кәсіпкер Мақсұт Әбілдаевтың есімі аудан тұрғындарына етене таныс. "Сыр жомарты" номинациясы бойынша облыс әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталған кәсіпкер Туған жердің тыныс-тіршілігіне белсене араласып, әлеуметтік қолдау шараларын жүргізіп келеді.
Жомарт азамат аудандық газеттің де тұрақты қолдаушысы. Міне, сол қолдауының жарқын көрінісі ретінде бүгін сырдариялық 15 ардагерге аудандық "Тіршілік тынысы" газетін 2020 жылға тегін жаздыртып берді.
15 ардагердің барлығы кәсіпкердің өзі туып-өскен Сәкен Сейфуллин ауылынан екенін айта кеткеніміз жөн. Бұл кәсіпкердің жерлестеріне деген қамқорлығы, құрметі екені сөзсіз. Енді келесі жылы 15 еңбек ардагері аудандық газетті үзбей оқитын болады.
Осылайша, жанашыр жандардың қолдауымен аудандық газеттің таралымы артуда. Алдағы уақытта қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізген өзге де азаматтар бар. Ол кісілер туралы да бөлек жазатын боламыз.
31 қазан 2019 ж. 857 0