Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ауылдағы күзгі жәрмеңке

Ауылдағы күзгі жәрмеңке

Асқар Тоқмағанбетов ауылында жылдағы дәстүр бойынша ырыс рен күріштің шаттық мерекесі – "Алтын күз-2019" көрме-жәрмеңкесі өтті.

Молшылық пен берекенің бастауы болған көрме – жәрмеңкеге ауыл мекемелері қатысты. Ауыл тұрғындарына жәрмеңкеге әкелінген өнімдер төмен бағада сатылды.

Арнайы құрылған қазылар алқасы көрмеге қатысқан қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалады. Нәтижесінде І орынды "Балауса" бөбекжай ұжымы, ІІ орынды "Асыл Ана" әжелер ансамблі, ІІІ орынды №135 мектеп ұжымы мен жеке кәсіпкер "Марфуға" иеленді. Басқа қатысушыларға ынталандыру ретінде "Алғыс хат" табысталды.

"Алтын күз" мерекесіне шаруашылық директоры М. Есжанов демеушілік жасап, қаржылай сыйлықпен марапаттады.

Жыл сайын ауыл халқы асыға күтетін жәрмеңке шын мәнінде ауыл меркесіне айналды. Ауылдың көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұрылған бишілер өнер көрсетті.

"ТТ" ақпарат
31 қазан 2019 ж. 1 925 0