Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мерекелік концерт

Мерекелік концерт


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 жарлығына сәйкес 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланды. Осыған орай   Асқар Тоқмағанбетов ауылында  ауылдық клуб пен мектеп ұжымының бірлесіп ұйымдастыруымен «Алғыс айту – асыл қасиет» атты мерекелік концерт болып өтті.

Концертке мекеме басшылары, ауыл ардагерлері , мекеме қызметкерлері және тұрғындар арнайы шақыртылды.
Арнайы экран орнатылып, алғыс айту күніне арналған бейнеролик көрсетілді.
Шарада  ауыл әкімі, шаруашылық директоры, мектеп директоры және еңбек ардагерлері мерекелік құттықтауларын білдірді.
Ауыл көркемөнерпаздары мерекелік ән-билерін ұсынды.
Ш.НҰРСЕЙІТОВ
06 наурыз 2018 ж. 1 351 0